Кемемен демалуға аттанған жүзге жуық америкалық карантинге жабылды


Royal Caribbean кемесінде 100-ге жуық адам асқазан-ішек инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

CBS-тің хабарлауынша, кеме 1 ақпанда Флоридадағы порттан аттанып, Мексикада, Гондураста және Белизде тоқтаған. Борттағы 2 164 адамның 89-ы өзін нашар сезінуіне норовирусты жұқтыруы түрткі болуы мүмкін деп болжануда.

Кемелерді санитарлық зарасыздандыру бағдарламасының (CDC) ақпаратына сәйкес, дәл осы типтегі кемелерде диарея ауруының 90%-дан астамын тудыратын «круиздік кеме вирусы» деп аталатын норовирус кеңінен етек алған.

Қазіргі уақытта ауыруға шалдыққан жолаушылар мен лайнер экипажы оқшауланған және портқа келгенге дейін олар карантинде болады. Сондай-ақ, CDC атап өткендей, бөлмелерді дезинфекциялаудың қосымша шаралары қабылданды, одан әрі анализге қан алынады.

«Біздің барлық қонақтарымыз бен экипаж мүшелеріміздің денсаулығы мен жайлылығын қорғау үшін бортта сақтық шаралары күшейтілді», – деді Royal Caribbean Group өкілі.

Бұған дейін Қазақстанда балалардың жаппай улану дерегінен кейін мектептегі тамақтану тәртібіне қандай өзгерістер енгізілетіні хабарланған болатын.