Қостанай облысының 112 пультіне Арқалық қаласынан 80 шақырым қашықтықта облыстық маңызы бар «Әулиекөл-Жалдама» тас жолында жедел жәрдем көлігі тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТЖМ құтқарушылары өтімділігі жоғары техникамен оқиға орнына жетіп, медицина қызметкерлері мен 2008 жылғы науқасты Арқалық қаласының ауруханасына эвакуациялады.
Бұған дейін ауа райының күрт нашарлауына байланысты еліміздің екі өңіріндегі жол учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу енгізілгені хабарланған.






Leave a Reply