19:19, 11 наурыз 2025
Абай облысында қар құрсауынан бес адам құтқарылды. Оқиға Аягөз ауданында «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» автожолында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аягөз қ. 112 желісіне әйел адам хабарласып:
«Көліктің жанармайы бітіп қалып, қарға батып қалдық. Көмектсіңізші» — деді.
ТЖМ құтқарушылары боранда, қалың қарлы жолды еңсере отырып, бірнеше ондаған шақырымды жүріп өтіп, Аягөз қаласында бес адамды, оның ішінде екі баланы құтқарып, жеткізді.
Сондай-ақ Аягөз қаласына дейін салонында 43 адам болған 15 жеңіл автокөліктен тұратын колоннаны сүйемелдеді.
Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж болмады.






Leave a Reply