Абзал Нүкенов Президент Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды


15:32, 11 наурыз 2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің жаңа меңгерушісін тағайындады. Бұл қызметке Абзал Нүкенов лайықты деп танылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың 2025 жылғы 11 наурыздағы ресми мәлімдемесінде:

«Мемлекет басшысының өкімімен Абзал Нүкенұлы Нүкенов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды», – деп жазылған ресми ақпаратта.

Басқа бұйрықпен Айжан Болатқызы Шайназарова бұл қызметтен босатылды.

Мемлекет басшысының өкімімен Айжан Болатқызы Шайназарова Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.