Жамбыл облысында құтқарушылар жолда жүкті әйелді босандырып алды


Мойынқұм аудандық орталық ауруханасына бара жатқан жолда жүкті әйел толғатып, кенеттен босана бастады.

Пациент алдын ала жеке автокөлікпен ТЖМ «Шығанақ» трассалық медициналық-құтқару пунктіне жеткізілді, ол жерден Апаттар медицинасы орталығының медициналық бригадасының сүйемелдеуімен орталық аудандық ауруханаға жіберілді.

Әйел реанимациялық машинада босанды. Құтқарушылар жолда барлық қажетті көмекті көрсетіп, аман-есен дүниеге ұл бала келді. Анасы мен жаңа туған сәбидің жағдайы қанағаттанарлық. Екеуі де Мойынқұм орталық ауруханасына жатқызылды.

Медициналық топтың жедел әрекеттері мен кәсібилігінің арқасында әйел жолда еш қиындықсыз босанды.