Бублик әлемдік рейтингіде жоғарылап, өз рекордын жаңартты


17:52, 25 қыркүйек 2025

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған әлемдік рейтингіні жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик жаңартылған тізімде 16-орынға көтерілді. Бұл – оның жеке рекорды, бұған дейін спортшы 17-орыннан жоғары көтерілмеген еді.

Мұндай көрсеткішке Бубликтің Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ATP сериясындағы турнирде жеңіске жетуі себеп болды.

Әлемдік рейтингіде испаниялық Карлос Алькарас көш бастап тұр. Екінші орында — италиялық Янник Синнер. Үздік үштікті германиялық Александр Зверев түйіндеді.