13:15, 18 қаңтар 2026
Жамбыл облысының Шу ауданында ТЖМ құтқарушылары кеше кешке малшыға көмектесу үшін шығып, хабарсыз кеткен әйел адамды іздеу бойынша іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іздестіру жұмыстары барысында құтқарушылар, арнайы техника, кинологиялық есептоп және ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.
Бүгін таңертең жоғалған азаматша көрші қожалықтың аумағынан табылды. Жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болмады.






Leave a Reply