14:10, 18 қаңтар 2026
14-17 қаңтар аралығында республикалық маңызы бар Атырау — Орал және Атырау — Астрахань тасжолдарында жолдың тайғақтығы мен көріну деңгейінің төмендеуіне байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жол бойында жиналған 5 мыңға жуық көлікке патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жол көрсетті.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полицейлер алдын алу және түсіндіру жұмыстарын күшейтті.
«Құрметті көлік жүргізушілері! Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және қауіпсіздікті бірінші орынға қоюды сұраймыз. Жол — қателікті кешірмейді», — деді полиция қызметкерлері.
Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында адамдар отырған көлік қар құрсауында қалып қойғанын хабарлаған едік.






Leave a Reply