09:32, 8 желтоқсан 2025
Иран президенті Масуд Пезешкиан ресми сапармен Астанаға келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2025 жылы 8 желтоқсанда Ақорданың Telegram-арнасында ресми ақпарат шықты.
10-11 желтоқсан күндері Астанаға Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан ресми сапармен келеді.
Сапар барысында тараптар жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіп, сауда-экономикалық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-иран ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды.






Leave a Reply