18:03, 19 наурыз 2026
Жамбыл облысында тұрғыннан 5 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жамбыл облысы полиция департаментіне Тараз қаласының тұрғыны өзін әлдекімнің бопсалағанын айтып, арызданған.
Өтініш иесінің айтуынша, күдікті оның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді әлеуметтік желілерде таратамын деп қорқытып, жарияламау үшін 5 миллион теңге талап еткен.
Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері жедел түрде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдікті арызданушыға қысым көрсетуді тоқтату және бұған дейін әлеуметтік желілерде жарияланған жағымсыз пікірлерді өшіру үшін алынған ақшаны беру кезіндегі қылмыс үстінде ұсталды.






Leave a Reply