Данияр Сарекенов Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды


09:04, 13 қазан 2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 13 қазанда Данияр Сарекеновті Словения Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың Telegram-арнасында жарияланды:

«Мемлекет басшысының жарлығымен Сарекенов Данияр Қабидоллаұлы Словения Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін президент өкімімен Ақан Рахметуллин Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылған еді. Бұл лауазымға Ержан Ашықбаев тағайындалды.