17:51, 27 ақпан 2025
Павлодар облысы Май ауданында ер адам жоғалып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Vita еріктілерінің мәліметінше, 41 жастағы тұрғын Мұрат Сыздықов 12 қаңтарда сағат 11:00 шамасында Баскөл ауылында орналасқан «Сартай» шаруа қожалығынан шығып кеткен. Содан бері оның орналасқан жері белгісіз.
Ер адам капюшоны бар қара куртка, қара шалбар, қара етік, сұр шапка киген. Бойы – шамамен 165 см, көзі – қоңыр, шашы – қара, басы мен артында күйік бар.






Leave a Reply