әуежайға баратын тасжолда 80-нен астам көлік тұр


18:34, 27 ақпан 2025

Бүгін, 27 ақпанда Ақтау мен әуежай арасындағы тасжолда 81 көлік қар құрсауында қалды, деп хабарлайды Zakon.kz .

ТЖМ құтқарушылары 198 адам мінген 71 көлікті сүйреп шығарды.

Еске салайық, бұған дейін ауа райының бұзылуына байланысты Маңғыстау облысында көлік қозғалысы шектелгенін хабарлаған едік.

«Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының 332-642-шақырым аралығында (Бейнеу а. — Шетпе а.) жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды», — деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» компаниясы.