13:58, 14 ақпан 2025
Димаш Құдайберген тағы бір талантымен жанкүйерлерін таң қалдырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әнші 14 ақпанда өзінің Instagram парақшасында нысана көздеген бейнесін жариялады.
«Өмірімде бірінші рет ойнап тұрмын, қызық тәрізді»,- деді әнші бейненің жазбасына.
Нысанаға дәл тигізген Димаштың бейнесіне оқырмандары таңданыстарын жасырмастан, оның барлық істе шебер екендігін айтты.
- Мерген екенсің!
- Керемет! Не дегенмен қаақтың жігіті ғой…мергендік қанында бар)
- Жігітке жеті өнер де аз. Жарайсың, Димаш!
- Сегіз қырлы, бір сырлы деп осыны айту керек)
- Көз тимесін, мықтысың!
Бұған дейін Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ақынның өлеңіне жазылған жаңа ән радиодан шырқалғандығы хабарланған болатын.






Leave a Reply