Талдықорғанда пластикті кәдеге жарату цехы өртеніп жатыр


18:43, 30 сәуір 2025

2025 жылы 30 сәуірде кешке Талдықорған қаласының Шығыс өнеркәсіп аймағында орналасқан пластикті кәдеге жарату цехы өртенді. Өрт сөндірушілер оқиға орнында жоғарғы рангпен жұмыс жасауда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт орнында жедел штаб құрылып, 3 жауынгерлік учаске жұмыс істеуде.

«Оқиға орнына жеке құрамның 40 адамы және 13 бірлік техника жұмылдырылды. Басқа нысандарға төніп тұрған қауіп жоқ», делінген төтеншеліктер хабарламасында.

Өрт, Талдықорған, пластик, цех, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2025 18:43

Өрт, Талдықорған, пластик, цех, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2025 18:43

Бұған дейін Павлодарда тоғыз қабатты көп пәтерлі тұрғын үйде төрт балкон өртке оранғанын жазғанбыз.