19:17, 29 сәуір 2025
Атырауда полиция элиталық тұрғын үй кешенінде әйелдің өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
29 сәуір күні Атыраудағы «Француз ықшам ауданы» тұрғын үй кешенінен 46 жастағы әйелдің зорлық-зомбылық белгілері бар мәйіті табылды.
Дереккөздердің хабарлауынша, әйелді пышақтаған, одан кейін пәтерінен бағалы заттарды ұрлаған. Оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс істеп жатыр.
Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл қылмысты растады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.






Leave a Reply