22:43, 29 сәуір 2025
Атырауда 29 сәуір күні 46 жастағы әйелді өлтірді деген күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталды. Марқұм өз пәтерінен өлі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицияның баспасөз қызметінің мәліметінше, 1987 жылы туған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Одан заттай дәлелдемелер тәркіленген.
«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады полиция Zakon.kz тілшісіне.
Көршілерінің айтуынша, ұсталған азамат осы үйде сантехник болып жұмыс істеген. Марқұм жалғыз тұрған.






Leave a Reply