Астана мен Қарағанды арасында жолаушылар пойызы вагондарының бірінде өрт болды


13:44, 22 наурыз 2025

«Түрксіб Астана» жеке тасымалдаушысының жолаушылар пойызында 22 наурызда сағат 11:13-те өрт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«ҚТЖ «ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, № 44 жолаушылар пойызы Қостанай-Алматы бағыты бойынша қатынайды.

«Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Вагон ажыратылды. Оқиға орнына Астана станциясынан өрт сөндіру пойызы жіберілді. Өртті теміржолшылар мен ТЖД құтқарушылары жойды. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда», — деді ҚТЖ-дан.

Бұған дейін Қазақстанда теміржол билеттері белгілі бір санаттағыларға 50%-ға арзандайтыны хабарланған.