Ұлттық киім киіп, көшеге шыққан Ақтау тұрғындары әлемдік рекорд орнатты


13:57, 22 наурыз 2025

Ақтауда ұлттық киімдегі 5 мыңнан аса адам жағалауға жиналып, әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамы қарсаңында “Best Fest Nauryz” ұлттық киім фестиваліне тіркелген қатысушылар жағалауға жиналып, ол араға Гиннестер рекордтар кітабының өкілдері де келген.

Сурет: Ақтау қаласының әкімдігі

«Ауқымды ұлттық жобаға тіркелгендердің саны 5 мыңнан асады. Резервте тағы 100 адам бар», деп нақтылайды әкімдік.

Айтулы оқиғаны Гиннестер рекордтар кітабының штаб-пәтері Лондоннан келген өкілдер тіркеді.

Сурет: Ақтау қаласының әкімдігі

Бұған дейін Көкшетауда «Кимешектегі аналар» шеруі көпті тәнтті еткенін жазғанбыз.