Алматыда көші-қон үдерістерін реттеу қолға алынады: жұмыс тобы құрылды


15:26, 27 тамыз 2025

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов 2025 жылғы 13 тамыздағы өкімімен Алматы қаласындағы көші-қон үдерістерін реттеу және Алматы агломерациясын теңгерімді дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Алматы қаласындағы көші-қон үдерістерін реттеу және Алматы агломерациясын теңгерімді дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылсын» – делінген құжатта.

Жұмыс тобының құрамына кіргендер:

  • ҚР Премьер-министрінің орынбасары,
  • ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі,
  • ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы,
  • ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары,
  • ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары,
  • ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі,
  • ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі,
  • ҚР Оқу-ағарту вице-министрі,
  • ҚР Индустрия және құрылыс вице-министрі,
  • ҚР Ұлттық экономика вице-министрі,
  • ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі,
  • ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары (келісім бойынша),
  • ҚР Үкіметі Аппаратының әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі,
  • Алматы қаласы әкімінің орынбасары,
  • Алматы облысы әкімінің орынбасары,
  • «Алматы Менеджмент Университеті» білім беру мекемесінің директоры (келісім бойынша),
  • «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ вице-президенті (келісім бойынша),
  • ҚР Индустрия және құрылыс министрлігіне қарасты «Мемлекеттік қалақұрылыстық жоспарлау және кадастр республикалық орталығы» РМК бас директорының орынбасары (келісім бойынша),
  • «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша).

Жұмыс тобына 2025 жылғы 20 тамызға дейін Алматы қаласындағы көші-қон үдерістерін реттеу және Алматы агломерациясын теңгерімді дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеп, оларды ҚР Үкіметі Аппаратына енгізу тапсырылды.