Алматыда заманауи қазақ прозасын дамытуға және авторларды қолдауға бағытталған «Қазіргі заманғы қазақ романы» әдеби жобасының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс-шарада ҚР премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты оқылды. Онда бұл жобаның ұлттық әдебиетті дамытуға елеулі үлес қосатыны, заманауи қоғамдық үдерістерді зерделеуге ықпал ететіні, сондай-ақ уақыт тынысын, қоғамның жай-күйін және адам тағдырын бейнелейтін жаңа романдардың жазылуына жол ашатыны атап өтілген.
Министрлік мәліметінше, байқауға 3 мыңнан астам өтінім келіп түсті. Іріктеу қорытындысы бойынша финалға сегіз автор шықты. Бас жүлдені «Кельндегі көкжал» романы үшін жазушы Жүсіпбек Қорғасбек иеленді. Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздың туындысы экранизацияланады.
Сондай-ақ жеті автордың шығармалары 1000 дана таралыммен жарық көріп, арнайы жүлдемен марапатталды. Атап айтқанда:
- Думан Рамазан — «Сынақ»,
- Қуаныш Жиенбай — «Аралқұмдағы ақырғы аялдама»,
- Нұржан Қуантайұлы — «Опасыз ойын»,
- Асқар Алтай — «Каскад»,
- Мұрат Алмасбек — «Екі жағалау»,
- Қуат Бораш — «Тәубе»,
- Айым Ақылтай — «Қарыз».
Салтанатты рәсімде үздік шығармалардың таныстырылымы өтті.






Leave a Reply