Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) соңғы уақытта уағызы қоғамда жиі талқыланып жүрген Құрбанәлі Ахметке қатысты мәліметтерге байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ақпарат 2026 жылдың 1 сәуірінде ҚМДБ-ның ресми сайтында жарияланды:
«Құрбанәлі Ахмет Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылымында қызмет етпейді. Діни басқармамен ешқандай қызметтік немесе ресми байланысы жоқ. Осыған байланысты оның тарапынан айтылған пікірлер, жеке көзқарастар мен мәлімдемелер ҚМДБ-ның ресми ұстанымы болып табылмайтындығын хабарлаймыз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дінге қатысты мәселелерде тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырады. Қоғам арасында түрлі түсінбеушілік пен жалған ақпараттың таралуына жол бермеу – баршамызға ортақ жауапкершілік», делінген хабарламада.
Айта кетсек, өзін ишан ретінде таныстырған Құрбанәлі Ахметтің Ютуб-тағы бағдарламалардың біріндегі сұқбаты қоғамда пікірталас тудырған болатын. Ол өз сұқбатында екінші әйелін шәкіртіне «сыйға бергенін» айтқан.






Leave a Reply