Алматыда әйел жоғарғы қабаттан құлап кетті. Ол оқиға орнында жан тапсырған, деп хабарлайды Zakon.kz.
КТК телеарнасының хабарлауынша, жантүршігерлік оқиға қаладағы Сайран көлінің маңындағы «Алтын бұлақ-2» тұрғын-үй кешенінде болды. Қыздың ең жоғарғы қабаттағы балконнан секірген сәтін куәгерлер видеоға түсіріп алған. Маңайдағылар марқұмды бұл ойынан айнытуға тырысқан екен.
Тұрғындардың айтуынша, 18-қабаттан құлаған қыз 20 жаста болған. Оның артында екі баласы қалған көрінеді. Қазір оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр.
Қылмыстық іс қозғалған.






Leave a Reply