Жамбыл облысында полиция тасжолдағы автокөліктен 34 келі гашиш тапты


Жамбыл облысында полиция тасжолдағы автокөліктен 34 келі гашиш тапты, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жамбыл облысында Батыс Еуропа – Батыс Қытай тасжолында автокөлік тоқтатылды. Онда екі азамат болған.

«Қызметтік иттің көмегімен көлікті тексеру барысында есік жақтауларында және багаж бөлігінде гашиш салынған 35 орам табылды. Оның жалпы салмағы — 34 келі. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», — деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.