Nissan компаниясы жұмысшыларын жаппай қысқартпақ


11:35, 13 мамыр 2025

Жапондық Nissan автомобиль өндірушісі 20 мыңға жуық қызметкерін жұмыстан шығарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Kyodo News басылымының жазуынша, компания өткен қараша айында ғана штаттың 9 мың адамға қысқарғанын мәлімдеген болатын. Ал, бүгінде тағы 11 мың қызметкерді қысқарту жоспарланып отырғанын айтты. Осылайша, автомобиль өндірушісі жұмыскерлерінің 15%-мен қоштасады.

Қысқарту жұмыстары Жапонияда да, шетелде де жүргізіледі. Сонымен қатар, басшылық Таиландтағы өндіріс алаңын қоса алғанда, үш зауытты жабуды жоспарлап отыр.

Жапондық автоөндіруші сәуір айында бұрын-соңды болмаған 5 миллиард доллар шығынға ұшырағанын айтты. Негізгі себептердің арасында:

  • Активтердің құнсыздануы;
  • қайта құрылымдау шығындары;
  • Honda-мен бірігу туралы келіссөздердің сәтсіз аяқталуы.

Бұған дейін Аяқ киім брендтері Трамптан оларды баж салығынан босатуды сұрағаны жайл жазған болатынбыз.