11:50, 21 мамыр 2025
АҚШ Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасы (NASA) таң сәріде көрінген Марстың суретін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңа суретті марсоход Perseverance навигациялық камерасы арқылы түсірген. Сонымен қатар, кадрға Марстың спутниктерінің бірі — Деймос түсіп қалған.
Айта кету керек, марсоход барынша ұзақ уақыт ұстап тұру арқылы 16 сурет түсірген. Барлық кадрлар бір-бірімен біріктірілген, сондықтан суретте сандық шу пайда болған.
Сондай-ақ, суретте Регул және Альгиба жұлдыздарын көруге болады.
Бұған дейін әлемдегі ең үздік әуежайлардың бірінің салыну құрылысының спутниктен түсірілген бейнесін жариялаған болатынбыз.






Leave a Reply