Bloomberg басшыларының бірі, оның әйелі мен қызы өлі табылды


Оңтүстік Каролина штатының Грир қаласында Bloomberg ірі ақпараттық агенттігі жетекшілерінің бірі Ричард Самарел мен оның әйелі мен қызының мәйіті табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

New York Post-тың жазуынша, отбасының жоғалғаны жайлы көршісі хабарлаған. Әзірге олардың жазатайым оқиғадан қаза тапқаны немесеісі қолынан өлгені белгісіз.

«Үйде ерлі-зайыптылардың басқа балалары да тұрды. Оқиға болған кезде олар мектепте болған», – делінген басылымда.

Сурет: nypost

Бұған дейін БАӘ-де Өзбекстан азаматтары өлім жазасына кесілгендігі хабарланған болатын.