17:10, 10 наурыз 2026
Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыстағы шиеленісті жағдайға байланысты 11-31 наурыз аралығында Алматыдан Дубайға және Астанадан Дубайға тұрақты рейстерді тоқтатады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына айыппұлсыз толық қайтару немесе 1 сәуірден 31 мамырды қоса алғандағы кезеңде орындалатын рейстерге тегін қайта брондау ұсынылады.
«Әуе компания Таяу Шығыстағы оқиғаларды мұқият қадағалауды жалғастырып жатыр», – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Таяу Шығыс елдерінен эвакуация басталғаннан бері Қазақстанның 8 585 азаматы елге оралғанын хабарлаған едік.






Leave a Reply