Air Astana ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігуі мүмкін екенін ескертті


18:55, 5 қараша 2025

Air Astana әуе компаниясы қолайсыз метеожағдайларға байланысты Қазақстан бойынша рейстердің кешігуі мүмкін екенін хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Бұл туралы ұлттық әуетасымалдаушы 5 қараша күні мәлімдеді.

«Ел аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігуі мүмкін», — делінген хабарламада.

Жолаушыларға рейстерінің мәртебесі туралы өзекті ақпаратты алдын ала Air Astana компаниясының ресми сайтынан немесе байланыс орталығына хабарласу арқылы тексеру ұсынылды.