Ақтау тұрғыны үйдің кіреберісіне киім-кешек жайып қойғаны үшін айыппұл арқалады


09:36, 29 сәуір 2025

Ақтауда 32Б шағынауданының тұрғыны жуылған киімдерін көпқабатты үйдің кіреберісіне жайып қойғаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірдегі полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, тұрғынның бұл әрекеті ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы бойынша абаттандыру қағидасына қайшы келеді.

Бұл бап жеке тұлғаларға — 20 АЕК (78 640 теңге) мөлшерінде ескерту немесе айыппұл салуды көздейді.

Ақтау қаласының полициясы тұрғындарды қала көркін сақтау ережелерін сақтауға және киім-кешекті үйде кептіруге шақырады.

Бұған дейін Астанада Бейсекова мен Тілендиев қиылысы үш айға уақытша жабылатындығы хабарланған болатын.