Франция қазақстандықтарға Балқаш көлінің экожүйесін сақтауға көмектеседі


09:53, 29 сәуір 2025

Қазақстан мен Франция Балқашты сақтау бойынша мастер-жоспар әзірлейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Су ресурстары және ирригация министрлігі мәліметінше, Алматыда «Балқаш көлі экожүйесін сақтау бойынша мастер-жоспар әзірлеу» тақырыбында екі күндік семинар басталды. Балқаш көлінің бассейні бойынша зерттеу жұмыстары келесі мамандармен бірлесіп жүргізіледі:

  • Францияның Даму агенттігі (AFD),
  • Францияның Геологиялық және тау-кен зерттеулер бюросы (BRGM),
  • қазақстандық мамандар.

«Қазіргі уақытта француз тарапы қажетті мәліметтерді жинау үстінде. Атап айтқанда, BRGM сарапшылары Балқаш бассейніндегі ұңғымаларды, гидробекеттерді және суармалы жерлерді аралап, далалық зерттеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр»,- делінген ақпаратта.

Іс-шараға министрлік пен басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық ұйымдар мен Францияның Алматыдағы Бас консулдығының өкілдері, сондай-ақ ғалымдар мен сарапшылар қатысып жатыр.

Бұған дейін Жамбыл облысында «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі өтетіндігі хабарланған болатын.