09:53, 29 сәуір 2025
Қазақстан мен Франция Балқашты сақтау бойынша мастер-жоспар әзірлейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Су ресурстары және ирригация министрлігі мәліметінше, Алматыда «Балқаш көлі экожүйесін сақтау бойынша мастер-жоспар әзірлеу» тақырыбында екі күндік семинар басталды. Балқаш көлінің бассейні бойынша зерттеу жұмыстары келесі мамандармен бірлесіп жүргізіледі:
- Францияның Даму агенттігі (AFD),
- Францияның Геологиялық және тау-кен зерттеулер бюросы (BRGM),
- қазақстандық мамандар.
«Қазіргі уақытта француз тарапы қажетті мәліметтерді жинау үстінде. Атап айтқанда, BRGM сарапшылары Балқаш бассейніндегі ұңғымаларды, гидробекеттерді және суармалы жерлерді аралап, далалық зерттеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр»,- делінген ақпаратта.
Іс-шараға министрлік пен басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық ұйымдар мен Францияның Алматыдағы Бас консулдығының өкілдері, сондай-ақ ғалымдар мен сарапшылар қатысып жатыр.
Бұған дейін Жамбыл облысында «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі өтетіндігі хабарланған болатын.






Leave a Reply