11:41, 25 сәуір 2025
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті 2025 жылғы 25 сәуірде тауда уақыт өткізуді ұнататын жергілікті тұрғындар мен демалушыларға үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство ақпаратты «Қазгидромет» РМК-ның дауылды ескертуін негізге ала отырып мәлімдеді. Онда 25 сәуір мен 2 мамыр аралығында, қар жамылғысының тұрақсыздығына байланысты 2700 метр биіктіктен жоғары аумақта «қар көшкіні» қауіпі сақталатындығын айтты.
Осыған байланысты келесілерді ескертті:
- қарлы тік жартастарға шықпауды;
- таулы аумақтарда қауіпсіздік шараларын сақтауды.
Бұған дейін Алматыда күн қайта ысып, ауа температурасы көтерілетіндігі хабарланған болатын.






Leave a Reply