Алматы қалалық ТЖД мегаполис тұрғындары мен демалушыларына үндеу жасады


11:41, 25 сәуір 2025

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті 2025 жылғы 25 сәуірде тауда уақыт өткізуді ұнататын жергілікті тұрғындар мен демалушыларға үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство ақпаратты «Қазгидромет» РМК-ның дауылды ескертуін негізге ала отырып мәлімдеді. Онда 25 сәуір мен 2 мамыр аралығында, қар жамылғысының тұрақсыздығына байланысты 2700 метр биіктіктен жоғары аумақта «қар көшкіні» қауіпі сақталатындығын айтты.

Осыған байланысты келесілерді ескертті:

  • қарлы тік жартастарға шықпауды;
  • таулы аумақтарда қауіпсіздік шараларын сақтауды.

Бұған дейін Алматыда күн қайта ысып, ауа температурасы көтерілетіндігі хабарланған болатын.