Ерке Есмахан ер адамнан қалай сыйлық алу керектігі жайлы құпиясымен бөлісті


12:04, 22 сәуір 2025

Танымал қазақстандық әнші Ерке Есмахан оқырмандарының сұрақтарына жауап беретін Stories-тер желісін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Онда әнші қазіргі басты назары жүктілігінде екенін, жақын арада саяхаттауды жоспарламағанын жазды.

«Бәрі жақсы болса, 40 күн бойы баламен үйде боламын», – деді әнші.

Сондай-ақ, ол гендерлік пати өткізбейтінін де атап өтті.

Ер адамды сыйлық жасауға қалай үйрету керек деген сұраққа Ерке «ер адамды үйретудің қажеті жоқ», деп нық айтты.

«Егер ол жақсы көрсе – бәрін өзі-ақ жасайды. Бастысы – назарды өзімізге қою керек»,- деді ол.

Оқырмандары Еркенің ашықтығы мен шынайлығына тәнті болып, алғыстарын білдірді.

Бұған дейін Рим Папасының қазасы Димашты да бей-жай қалдырмағандығы жайлы жазған болатынбыз.