09:04, 21 сәуір 2025
Мемлекет басшысының жарлықтарымен Моңғолияға, Шри-Ланкаға және Дания Корольдігіне жаңа елшілер тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
- Алмас Сейтақынов Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
- Сергей Александрович Викторов Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
- Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Олжас Мұхамедғалымұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.






Leave a Reply