09:39, 20 сәуір 2025
20 сәуірде таңертең «Союз МС-26» ғарыш кемесі Қазақстан территориясына аман-есен қонды. Оның бортында ресейлік Алексей Овчинин мен Иван Вагнер, сондай-ақ америкалық астронавт Дональд Петтит болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасынан сағат 0:57-де ұшып шықты. Борт парашютпен қазақстандық далаға түсті. Ғарышкерлер станцияда алты айдан астам уақыт болды. Осы уақыт ішінде олар 40-тан астам сынақ жүргізіп, ашық ғарыш кеңістігінде жүрді.
Борт қазақстандық уақыт бойынша сағат 06:20-да Жезқазған маңына қонды.
Сурет: «Роскосмос»
«Таңертең кеме ХҒС-тың «Таңғы шапақ» модулінен ажырап шықты. Оның орбитадан Жерге түсуі штаттық жағдайда өтті», — деді «Роскосмостағылар».
Бұған дейін Қытай компаниясы туристерді ғарышқа 200 мың долларға тасығалы жатқанын жазғанбыз.






Leave a Reply