10:33, 13 сәуір 2025
13 сәуірде таңертең Тәжікстанда болған жер сілкінісін Қазақстанның бірнеше елдімекендерінің тұрғындары да сезді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жер сілкінісінің ошағы тәжік қаласы Худжандтан 170 шақырымда және Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 673 шақырым жерде орналасқан. Қазақстанның оңтүстігіндегі бірнеше ірі қалалар мен 10-нан астам ауыл-аймақ тұрғындары екіден үш балға дейінгі жер сілкіністерін сезінді.
ҚР ТЖМ-де Қазақстан аумағында байқалатындығы туралы мәліметтер ұсынылды:
- Мырзакент — 3 балл;
- Жетісай — 3 балл;
- Абай — 3 балл;
- Сарыағаш қаласы — 3 балл;
- Қазығұрт — 3 балл;
- Шардара қаласы — 3 балл;
- Леңгір қаласы — 3 балл;
- Сайрам — 3 балл;
- Шымкент қаласы — 3 балл;
- Манкент — 3 балл;
- Аксукент — 3 балл;
- Тұрар Рысқұлов — 3 балл;
- Бауыржан Момышұлы — 3 балл;
- Арыс қаласы — 3 балл;
- Темирлановка — 3 балл;
- Тараз қаласы — 3 балл;
- Сарыкемер — 3 балл;
- Асы — 3 балл;
- Құлан — 2 балл;
- Мерке — 2 балл;
- Қаратау қаласы — 2 балл;
- Шаян — 2 балл;
- Шәуілдір — 2 балл;
- Жанатас қаласы — 2 балл;
- Түркістан қаласы — 2 балл;
- Қордай — 2 балл;
- Кентау қаласы — 2 балл;
- Шолаққорған — 2 балл;
- Шорнақ — 2 балл;
- Шу қаласы — 2 балл;
- Төле Би — 2 балл;
- Мойынқұм — 2 балл;
- Жаңақорған — 2 балл.
Зардап шеккендер мен қирандылар туралы мәлімет түскен жоқ.
Бұған дейін Тәжікстанда бүгін қатты жер сілкінісі болғанын жазғанбыз.





Leave a Reply