Қазақстанның бірден бірнеше елдімекенінде жер сілкінісі тіркелді


10:33, 13 сәуір 2025

13 сәуірде таңертең Тәжікстанда болған жер сілкінісін Қазақстанның бірнеше елдімекендерінің тұрғындары да сезді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жер сілкінісінің ошағы тәжік қаласы Худжандтан 170 шақырымда және Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 673 шақырым жерде орналасқан. Қазақстанның оңтүстігіндегі бірнеше ірі қалалар мен 10-нан астам ауыл-аймақ тұрғындары екіден үш балға дейінгі жер сілкіністерін сезінді.

ҚР ТЖМ-де Қазақстан аумағында байқалатындығы туралы мәліметтер ұсынылды:

  • Мырзакент — 3 балл;
  • Жетісай — 3 балл;
  • Абай — 3 балл;
  • Сарыағаш қаласы — 3 балл;
  • Қазығұрт — 3 балл;
  • Шардара қаласы — 3 балл;
  • Леңгір қаласы — 3 балл;
  • Сайрам — 3 балл;
  • Шымкент қаласы — 3 балл;
  • Манкент — 3 балл;
  • Аксукент — 3 балл;
  • Тұрар Рысқұлов — 3 балл;
  • Бауыржан Момышұлы — 3 балл;
  • Арыс қаласы — 3 балл;
  • Темирлановка — 3 балл;
  • Тараз қаласы — 3 балл;
  • Сарыкемер — 3 балл;
  • Асы — 3 балл;
  • Құлан — 2 балл;
  • Мерке — 2 балл;
  • Қаратау қаласы — 2 балл;
  • Шаян — 2 балл;
  • Шәуілдір — 2 балл;
  • Жанатас қаласы — 2 балл;
  • Түркістан қаласы — 2 балл;
  • Қордай — 2 балл;
  • Кентау қаласы — 2 балл;
  • Шолаққорған — 2 балл;
  • Шорнақ — 2 балл;
  • Шу қаласы — 2 балл;
  • Төле Би — 2 балл;
  • Мойынқұм — 2 балл;
  • Жаңақорған — 2 балл.

Зардап шеккендер мен қирандылар туралы мәлімет түскен жоқ.

Бұған дейін Тәжікстанда бүгін қатты жер сілкінісі болғанын жазғанбыз.