21:45, 10 сәуір 2025
Жаңаөзенде балалар ойын алаңынан басымен төмен құлаған кішкентай бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Lada-ның хабарлауынша, оқыс оқиға 4-шағын аудандағы балалар алаңында, №18 және №19 үйлердің арасында болған. Көшедегі бақылау камерасынан алынған видеода ойын алаңында жүрген баланың әуелі басымен құлап, кейін орнынан тұра алмай қалғанын көруге болады.
Куәгерлердің айтуынша, бала ауруханаға түскен. Оқиға 8 сәуірде болған.
Шағын аудан тұрғындарының сөзінше, бұл жағдайға балалар ойын алаңының апаттық жағдайда тұрғаны себеп деп отыр. Ата-аналар қала әкімдігінен ойын кешенін қауіпсіз етуін сұрап отыр.
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі баланың ауруханадан шығарылып, үйіне жіберілгенін хабарлады.






Leave a Reply