21:17, 10 сәуір 2025
Әлеуметтік желіде журналист Лұқпан Ахмедияров ұсталды деген ақпарат тарады. Zakon.kz редакциясы түсінік алу үшін Астана полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласты.
Ведомствоның хабарлауынша, Орал тұрғынының өтініші бойынша ҚР ҚК 274-бабы бойынша көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелген.
«Қылмыстық іс аясында азамат А. тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полицияға жеткізілді. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», — делінген департамент таратқан хабарламада.






Leave a Reply