Қазақстандағы автожолдарда орташа жылдамдықты бақылайтын кешен енгізілді: тізім


Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ бүгін, 2025 жылғы 9 сәуірде қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қозғалыстың орташа жылдамдығын бақылайтын автоматтандырылған кешен енгізілді.

Орташа жылдамдық келесі учаскелерде бақыланады:

  • Астана – Щучинск (жылдамдыққа шектеу 140 шақ/сағ);
  • Астана – Павлодар (жылдамдыққа шектеу 140 шақ/сағ);
  • Шымкент – Қызылорда (жылдамдыққа шектеу 110 шақ/сағ);
  • Шымкент – Тараз (жылдамдыққа шектеу 110 шақ/сағ);
  • Павлодар – Семей – Қалбатау (жылдамдыққа шектеу 100-110 шақ/сағ);
  • Орал — РФ шекарасы (Саратов) (жылдамдыққа шектеу 100 шақ/сағ);
  • Павлодар — РФ шекарасы (Омбы) (жылдамдыққа шектеу 100-110 шақ/сағ).

«Қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында және айыппұлдарды алдын алу үшін жылдамдық режимін сақтаңыздар», — деп ескертті ұлттық компания қазақстандықтарға.