Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ бүгін, 2025 жылғы 9 сәуірде қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қозғалыстың орташа жылдамдығын бақылайтын автоматтандырылған кешен енгізілді.
Орташа жылдамдық келесі учаскелерде бақыланады:
- Астана – Щучинск (жылдамдыққа шектеу 140 шақ/сағ);
- Астана – Павлодар (жылдамдыққа шектеу 140 шақ/сағ);
- Шымкент – Қызылорда (жылдамдыққа шектеу 110 шақ/сағ);
- Шымкент – Тараз (жылдамдыққа шектеу 110 шақ/сағ);
- Павлодар – Семей – Қалбатау (жылдамдыққа шектеу 100-110 шақ/сағ);
- Орал — РФ шекарасы (Саратов) (жылдамдыққа шектеу 100 шақ/сағ);
- Павлодар — РФ шекарасы (Омбы) (жылдамдыққа шектеу 100-110 шақ/сағ).
«Қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында және айыппұлдарды алдын алу үшін жылдамдық режимін сақтаңыздар», — деп ескертті ұлттық компания қазақстандықтарға.






Leave a Reply