19:13, 27 наурыз 2025
2025 жылғы 27 наурызда сағат 18:00-дегі жағдай бойынша үш облыста республикалық маңызы бар үш тас жолда көлік қозғалысына шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақтөбе облысы:
«Қандыағаш — Ембі- Шалқар — Ырғыз» автожолының 3-92-шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы — Ембі қаласы).
Қостанай облысы:
- Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).
Солтүстік Қазақстан облысы:
- «Петропавл қаласының айналма жолы»автожолының 4-7-шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 658 арнайы техника мен 1 935 маман жұмылдырылды.






Leave a Reply