Қазақстанның үш облысында тас жол жабылды


19:13, 27 наурыз 2025

2025 жылғы 27 наурызда сағат 18:00-дегі жағдай бойынша үш облыста республикалық маңызы бар үш тас жолда көлік қозғалысына шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысы:

«Қандыағаш — Ембі- Шалқар — Ырғыз» автожолының 3-92-шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы — Ембі қаласы).

Қостанай облысы:

  • Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы:

  • «Петропавл қаласының айналма жолы»автожолының 4-7-шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 658 арнайы техника мен 1 935 маман жұмылдырылды.