«Атырау» клубының бас менеджері «Ордабасыға» қарсы матчтан кейін ауруханаға түсті


«Атырау» футбол клубының бас менеджері Мақсат Тұмалиев шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Қазақстан Премьер-лигасының төртінші турында «Ордабасыға» қарсы өткен матчтан кейін болған.

Тұмалиев Instagram-дағы сторисінде жедел жәрдем көлігінен видео жариялап, футболшыларға үндеу жасады.

Сондай-ақ қан қысымының жоғары екенін көрсететін тонометрді де бөлісті.

Сурет: Instagram/maksat_tyumaliyev

«Матчтан кейін жедел жәрдеммен алып бара жатыр. Жігіттер, рақмет, рақмет. Сендер менің қаһармандарымсыңдар», – деді ол.