«Атырау» футбол клубының бас менеджері Мақсат Тұмалиев шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға Қазақстан Премьер-лигасының төртінші турында «Ордабасыға» қарсы өткен матчтан кейін болған.
Тұмалиев Instagram-дағы сторисінде жедел жәрдем көлігінен видео жариялап, футболшыларға үндеу жасады.
Сондай-ақ қан қысымының жоғары екенін көрсететін тонометрді де бөлісті.
Сурет: Instagram/maksat_tyumaliyev
«Матчтан кейін жедел жәрдеммен алып бара жатыр. Жігіттер, рақмет, рақмет. Сендер менің қаһармандарымсыңдар», – деді ол.






Leave a Reply