Илья Ильиннің бір жасар қызы көпшіліктің көзайымына айналды


12:58, 31 наурыз 2026

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин әлеуметтік желіде отбасылық видео жариялады. Онда оның бір жасар қызы Айли әртүрлі киім киіп, жас әнші Viola Antonova-ның «Это модно» әнінің әуенімен сән көрсеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейнероликті спортшы өзінің Instagram парақшасында жарияланған.

«Сен біздің кішкентай сәнқойымызсың!» – деп жазды Илья Ильин.

Пікірлерде алғашқылардың бірі болып оның жары Татьяна жауап беріп, қызын еркелетіп «жұлдызымыз» деп атаған. Кейін жанкүйерлер де жылы лебіздерін жаудырып, пікірлер қалдырған.

  • Әкесінен аумай қалған ғой!
  • Сүйкімді-ақ!
  • Балапан ғой, қандай тәтті!
  • Өзі сондай сәнқой)

Бұған дейін Баян Алагөзованың жұбайы барлық балаларының басын қосқанын жазғанбыз.