12:58, 31 наурыз 2026
Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин әлеуметтік желіде отбасылық видео жариялады. Онда оның бір жасар қызы Айли әртүрлі киім киіп, жас әнші Viola Antonova-ның «Это модно» әнінің әуенімен сән көрсеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бейнероликті спортшы өзінің Instagram парақшасында жарияланған.
«Сен біздің кішкентай сәнқойымызсың!» – деп жазды Илья Ильин.
Пікірлерде алғашқылардың бірі болып оның жары Татьяна жауап беріп, қызын еркелетіп «жұлдызымыз» деп атаған. Кейін жанкүйерлер де жылы лебіздерін жаудырып, пікірлер қалдырған.
- Әкесінен аумай қалған ғой!
- Сүйкімді-ақ!
- Балапан ғой, қандай тәтті!
- Өзі сондай сәнқой)
Бұған дейін Баян Алагөзованың жұбайы барлық балаларының басын қосқанын жазғанбыз.






Leave a Reply