14:36, 29 наурыз 2026
Астанада шпагамен семсерлесуден Әлем кубогы аясында ерлер арасындағы командалық жарыстың жартылай финалдық кездесулері өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл кезеңде Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте екінші орында тұрған Франциямен кездесті.
Командалар ұзақ уақыт бойы тең деңгейде өнер көрсетті. Алайда кездесудің соңында француздар басымдыққа ие болып, 45:38 есебімен жеңіске жетті.
Үшінші орын үшін өтетін кездесуде Қазақстан құрамасы жартылай финалда Италияға жол берген Жапониямен сынға түседі.
Айта кетейік, жартылай финалда ел намысын Вадим Шарлаимов, Александр Федотов және Никита Жулинский қорғады.






Leave a Reply